Қазақша ет

3 часа  и  6 порций


Ингредиенты

Описание

Қазақша ет - қазақ ұлттық тағамы

Способ приготовления

  • 1.Қазақша ет асу үшін жылқы еті болсын, қой еті болсын, сиыр еті болсын, жуылып салқын су құйылған қазанға тұтас салынада да отты басынқырап қойып, бабымен қайнатылады.Бір қайнаған соң көбігі алынады да, одан әрі ауық-ауық сапырылып қойылады.
  • 2.Ет қайнап жатқанда оған салынатын қамыр дайындалады. Ол үшін алдымен еленген ұн шұнғыл ыдысқа салынып, аздап су құйылады да шикі жұмыртқа жарылып, қамыр иленеді. Содан кейін дөңгелектеп күлше қалпына келтіреді де әлгі табақ 30-40 минут төңкеріліп қойылады. Сонда қамыр көтеріледі.Қамыр көтеріледі-ау деген кезде оқтаумен жұқалап (1-1,5 мм) жазылып, 8х8 сантиметр мөлшерінде төртбұрыштап кесіледі.
  • 3.Еттің пісуіне 30 минуттай қалғанда қабығы аршылып, жуылған картоп салынады. Картоп та, ет те піскеннен кейін бөлек ыдысқа түсіріліп алынады.
  • 4.Сорпаның беті кесеге қалқып алынып, тұз сақиналап туралған пияз немесе көк жуа салынады. Бұрышталып, беті жайпақ шағын тарелкамен жабылып, бұқтырылады.
  • 5.Сөйтіп, қазаннын астындағы от күшейтіліп, сорпаға манағы дайындалған қамыр салынып пісіріледі. Қамыр қазанға түсісімен бірден қайнап кетуі тиіс. Сонан соң ғана отын басып қояды.
  • 6.Нан піскен соң жайпақ табаққа түсіріп алынады да, үстіне ет салынып, дастарқанға әкелінеді. Ет дастарқан басында қиялай туралып, үстіне әлгі кесеге бұқтырылған тұздық қойылады. Картоп бітеу күйілде табақтың жиектеріне қойылады.
  • 7.Сорпа шұнғыл табақпен әкелініп, ет желініп болған кезде, кесеге құйып беріледі.
  • 8.Етті үйдін ең кішісі турайды да, үлкендкрге сүйек тартылады.Сонда ет туралып біткенше олар сүйек мүжіп, сорпа іше береді. Қазіргі кезде қала жағдайында ет ас үйде туралып, дастарқанға дайын күйінде әкеледі. Ас дәмді болсын!
Asylzhanka
рейтинг: 281
Понравился рецепт? Поделитесь с друзьями

С этим блюдом можно приготовить

Похожие рецепты

Асқабақ қосқан ет мәнті

Асқабақ қосқан ет мәнті - қазақ ұлттық тағамы

00:5561
AsylzhankaРейтинг 281
Белдеме - Седло барашка

Белдеме - традиционное казахское блюдо.

02:155
AsylzhankaРейтинг 281
Наурыз коже

Наурыз коже - традиционное блюдо, которое мы готовим на наурыз. В нем должно быть 7...

03:30
AsylzhankaРейтинг 281
Белдеме

Бұл қой етінен дайындалатын тағам.

00:504
AsylzhankaРейтинг 281
Ішек-қарын қуырдағы

Ішек-қарын қуырдағы - қазақтың ұлттық тағамдарының бірі.

02:106
AsylzhankaРейтинг 281
Белдеме (седло барашка)

Белдеме (седло барашка) - традиционное мясное блюдо в казахской кухне.

00:506
VkusnotaРейтинг 1429